Воскресенье, 28.04.2024, 03:49
Приветствую Вас Гость | RSS

ГУ «Карасуская централизованная библиотечная система отдела культуры и развития языков акимата Карасуского района»

Язык Язык
Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Өмірбаян

Өмір жолы

Картинки по запросу султанмахмут торайгыров

 

Ер бар ма елі үшін жан қиятын

Басшы бар ма етегіне ел сиятын.

Жанның бәрі өз ісін мақұлдайды,

Адам қайла сезетін ар-ұятын.

 

 

 

Сұлтанмахмұт (1893-1920) -20 ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, аса көрнекті ақын. 1893ж. 28 қазына Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған. Екі жасында шешеден жетім қалған Сұлтанмахмұттың балалық шағы Баянауылда өтеді. Алты жасында хат таныған Сұлтанмахмұт 1908ж. Баянауылда Әбдірахман молданың медресесінде екі –үш жыл, 1911 ж. жаңаша оқыған Нұрғали деген үйреніп, білімге деген ынтасы артқан Сұлтанмахмұт одан әрі оқуын жалғастыру арманына жете алмайды. Бірақ Сұлтанмахмұт өз бетімен ізденіп көп оқыды, ғалымның әралуан саласынан хабардар болды, сөйтіп заманының оқымысты жастарының біріне айналды.

Сұлтанмахмұт Торайғыров жасында жабысқан дерт кеселінен 27 жасында қайтыс болды. Аз жасағанына қарамай, ол қазақ поэзиясы мен прозасын жаңа сатыға көтеріп кетті. Реалист – ақын 20 ғасыр әдебиетінде жаңа жанрлар туғызды, роман жанрының, реалистік поэманың қалыптасуына әсер етті. Оның адам өмірінің мән – мағынасы жайлы «Адасқан өмір» поэмасы, 20 ғасыр басындағы қазақтың іріп – шіріген билеуші табының өскен, тәрбие алған ортасы, ескілікке қарсы үн көтерген «Қамар сұлу» шығармасы, жастарды асқақ қиял, зор талапқа бастайтын лирикасы- оны қазақ әдебиетіндегі демократтық әдебиеттің ірі өкілі етті.

1913 жылдың күзінде Троицкіге Торайғыров "Айқап" журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, "Қамар сұлу" романы, "Өлең һәм айтушылары", "Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан", "Қазақ ішінде оқу, оқыту жайы қалай?", т.б. әңгіме, мақалаларын осы журналда жариялайды.

Журналда аз ғана уақыт қызмет еткен ақын 1914 жылы жазда туған елі Баянауылға оралады. Ел ішінде мәдени – ағарту жұмысын жүргізетін"Шоң серіктігі"деген ұйым ашпақ болғанымен, ісі жүзеге аспады. Осы жылы орысша оқу іздеп Семейге барған Торайғыров діттеген оқуына түсе алмай, біраз дағдарысқа ұшырайды. Осындай көңіл – күй әсерімен «Ләпет бұлты шатырлап», «Алтыаяқ» сияқты өлеңдер жазады. «Ендігі беталыс», «Тұрмысқа», «Бір адамға», «Туған еліме», «Сымбатты сұлуға», «Қыз сүю», «Гүләйім», «Гүл», т.б. өлеңдерін, 1915 жылы "Кім жазықты?" атты өлеңмен жазылған романын дүниеге әкелді.

Шығыс Қазақстанда жалданып бала оқытқан ол 1916 жылдың күзіне дейін әуелі Қатонқарайғайда, кейін Зайсанда болады, орыс тілін үйренеді. 1916-1917 жылдардың қысында Томскіде орысша оқиды. «Шәкірт ойы» өлеңінде «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды», «Мұздаған елдің жүрегін жылытуды» армандайды. Осы тұста әлем әдебиетінің классикалық үлгілерімен, саяси кітаптармен танысады.

1917 жылғы ақпан айындағы төңкерістен кейін Семейде жаңа құрылған Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің жұмыстарына қатынасып, «Алаш ұранын» жариялайды. Бірақ ауруы асқынып кеткендіктен оқуды да, жұмысты да тастап, 1918 жылы сәуірде еліне біржола оралады. Оңда Колчак үстемдігінен кейін қайта жанданған совдеп жұмысына араласып, ел шаруаларының дау- шарларын әділ шешуге қатынасады. Осы тұста саясиө философиялық әдебиетті көп оқып, «Шал мен қызға», «А, дүние», «Адасқан өмір», «Кедей», « Айтыс», т.б. өлендерін жазады.

1919 жылдың соңында Сұлтанмахмұт Павлодарға келіп, біраз уақыт кеңес өкіметіне қызмет етеді. Бірақ көп ұзамай бойындағы науқасы меңдеп, төсек тартып жатып қалады. 1920 жылы 20 мамырда 27 жастағы Сұлтанмахмұт дүние салады.

«Шәкірт ойы» өлеңінде: «Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып күн болам. Қараңғылықтың кегіне, Күн болмағанда кім болам», - деп жырлаған ақынның шын мәнінде де, бүгінде қазақ аспанындағы рухани сәуле шашып тұратын ең жарық жұлдыздың бірі болып мәңгілікке қалғанына ешкімнің де таласы жоқ.

 

 

Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
Архив записей