Жаңабай Әлібекұлы Ахметов, 1989 жылы 1-қаңтарда Қостанай облысы, Жангелдин ауданындағы Қызбел ауылында туған. 1996 жылы Қызбел орта мектебіне қабылданды. Үшінші сыныпты бітіргенше сол мектепте білім алды. 1999 жылы Арқалық каласына қоныс аударып, Бейімбет Майлин атындағы орта мектепте оқуын жалғастырды. 2003 жылы Ақмола облысы, Жарқайын ауданы, Костычева ауылына көшіп келді. Бұнда Октябрьдің 50 жылдығы атындағы орта мектепте оқыды. Алғашқы өлеңдерін осы кезде жаза бастады.
2006 жылы аудандық «Абай оқулары» байқауында «Ең үздік өлең» номинациясы бойынша үшінші орынға қол жеткізді. 2007 жылы орта мектепті аяқтап, Қостанай мемлекеттік университетің журналист мамандығы бойынша тәмамдады. Үшінші курсқа көшкен 2009 жылдың желтоқсан айында Қарасу аудандық «Қарасу өңірі» газетіне жұмысқа тұрды. Қазір осы қызметінде еңбек етуде.