Суббота, 04.05.2024, 09:37
Приветствую Вас Гость | RSS

ГУ «Карасуская централизованная библиотечная система отдела культуры и развития языков акимата Карасуского района»

Язык Язык
Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Бауыржан Момышұлы

Бауыржан Момышұлы

(1910 - 1983)

Аты аңызға айналған даңқты қолбасшы, Халық қаһарманы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, бейбіт өмірде жазушы болып екінші ерлік жасаған Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында туған.

1928 жылы Шымкенттегі жеті жылдық интернатты бітірген соң бастауыш мектеп мұғалімі, ауатком хатшысы болады. 1932 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылады. Міндетті өтеп қайтқан соң өнеркәсіп банкілерінде жұмыс істейді. 1936 жылы Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты бітіріп, Қызыл Армия қатарына қайта алынады. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда, 316 – атқыштар дивизиясының құрамында Мәскеу түбіндегі ұрыстарға қатысады. Оның ұрыс жүргізудегі шеберлігі, жеке басының ерлігі Ұлы Отан соғысы кезінде аңызға айналады. Панфилов атындағы 8 – гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі болып, соғыстың соңғы жылдары осы дивизияны басқарады.

Б. Момышұлы әскери қызмет атқара жүріп, «Офицердің күнделігі», «Бір түннің тарихы», «Біздің семья» кітаптарын жазды.

Әскери қызметтен демалысқа шыққан соң да, Баукең өз орнын соғыс тақырыбына жазатын жазушы ретінде тапты. Жүрек қанымен, аяусыз өткір шыншылдықпен ол қазақ жауынгерлерінің тұлғасын жасады, әділетсіз қантөгіс, соғыспен күресті.

«Москва үшін шайқас» - Ұлы Отан соғысының күрделі шежіресі.

«Жауынгердің тұлғасы», « Майдандағы кездесулер», «Генерал Панфилов», «Төлеген Тоқтаров», «Ел басына күн туса», «Куба әсерлері», «Ұшқан ұя», «Адам қайраты» шығармалары бар.

Бала Бауыржанның бойындағы ақындық қуат ерте байқалған, оның әр жылдары жазған лирикалық өлеңдері мен толғауларында пікірдегі батылдық, әділетсіз зорлыққа қарсылық рухы бар. Қанды қырғын ішінде жүріп, майдан шындығынан туған мақал- мәтелдері талай жауынгердің жігерін тасқайрақша жаныған.

Б.Момышұлы берген ресми дерек бойынша жазылған Ә. Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман – дилогиясы, «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Ел басына күн туса» көркем фильмі – батыр рухына қойылған ескерткіш.

 

Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Май 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Архив записей