Қостанай облысының Жітіқара ауданында 1951 жылы туған. Қазақ мемлекеттік
университетінің журналистика факультетін, Москва Әдебиет институтын бітірген.
1983 жылдан жазушылар одағының мүшесі, ұзақ жылдар бойы халықаралық «Қазақ
тілі» қоғамының басқарма мүшесі, Қостанай қаласынан шығатын «Дала қоңырауы»
танымдық – тағылымдық газетінің тұңғыш ұйымдастырушысы және сол газеттің бас
редакторы болды, 15 – тен астам кітаптын авторы.
Ақылбек Шаяхмет бүгінгі таңда
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Медиа
орталығының директоры.
Орталық
аудандық кітапханасы сіздерге ақынның «Көзімді ашып көргенім»,«Ағайын менің сырымдыұқ»,
«Пирамида», «Тыңда туған», «Жұлдызды дәуір», «Жер - Бесік» атты кітаптарын
ұсынады.