Среда, 24.04.2024, 08:36
Приветствую Вас Гость | RSS

ГУ «Карасуская централизованная библиотечная система отдела культуры и развития языков акимата Карасуского района»

Язык Язык
Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


21:51
Қазақтың ұлы тұлғасы

 

«Ұлы адамның ойында ұлы іс жүреді»

                                      Қазақ мақаласы

                               1866 – жылы 25 – наурызда туып,

1937 – жылы 27 – қыркүйекте «халық жауы» деген

Жаламен Мәскеуде атылған

 

Орынборда Алашорда деген атпен алғаш құрылған

      қазақ өкілдерінің (Халық кеңесінің) тұңғыш төрағасы;

«Коммунистер манифесін» тұңғыш қазақшаға аударған қазақ

 

     Қазақ халқының өз мемлекеттігін құру жолындағы қозғалысын ұлттық интеллигенция басқарды. Оның көсемі – жазушы әрі саясаткер, патшалық Ресей Мемлекеттік Думасының мүшесі Әлихан Бөкейханов.

   Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов 1866 жылы бұрынғы Семей облысының Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысының ауылында дүниеге келген. Қазір бұл ауыл Қарағанды облысының Ақтоғай ауданына қарайды. Оның ата-анасы  - әкесі Нұрмұхамед пен анасы Бегім ханым білімді адамдар болған. Әлиханның арғы атасы белгілі Барақ сұлтанның баласы-Бөкей.

   Әлихан Бөкейхановтың саяси және азаматтық көзқарастарының қалыптасуына екі жағдай үлкен әсер еткен. Біріншісі, Әлихан даланың дәулетті де ақсүйек билеушілерінің дүниетанымына тән еркіндік пен тендікті мансұқ тұтқан ортада өсті. Олар жеткілікті дәрежеде білімді болды, қазақ әдебиетінен басқа ауыз әдебиетін, шығыс әдебиеті мен мәдениетін білді, көпшілігі орыс тілін жақсы меңгерді. Екіншісі, ХХ ғасырдың басында неғұрлым тиянақты білім алған қазақтар Еуропа мәдениетімен және тарихымен таныс болды.Еркіндік сүйгіш қазақ интеллигенті Әлихан Бөкейханов көп деңгецде ұлы француз революциясы мен Герценнен, Чернышевский мен Толстойдан бастау алатын орыс ағартушы гуманизмінің идеялары ықпалымен қалыптасқан.

   Ә. Бөкейханов жоғары білім алған алғашқы қазақтардың бірі. Ол Омбы техникалық училищесінде оқыды, білімін Санкт-Петербург орман-техникалық институтында тәмамдады. Петербург студенттерінің саяси қимылдарына белсене араласып, кейінірек өзі жазғандай «... аса солшыл көзқарастарды ұстанып, тіпті экономикалық материализмді» яғни марксизмді жақтаған.

  1896 жылы орыс тұрғындарын Ақмола, Семей және Торғай облыстырына көшіру мүмкіндіктерін зерттеу мақсатымен Ф.А. Щербина экспедициясы ұйымдастырылды да Бөкейханов оның жұмысына белсене араласты. Оның пікірінше, экспедиция метериалдарын кейін бір пікірге тоқтау үшін, мүмкін қазақтарды отырықшылыққа ауыстыру туралы ережелерді  әзірлеу үшін болар, өлкедегі жер жағдайын неғұрлым тереңірек зерттеу мақсатына пайдалануға болар еді... Щербина экспедициясы 1896 жылдан 1903 жылға дейін далада зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қыруар іс тындырды, оның нәтижесінде13 томдық ғылыми материал баспадан шығарылды.

   1904 – 1905 жылдары Ә.Бөкейханов А. Байтұрсыновпен және М. Дулатовпен танысты, ендігі уақытта ол халықты отарлық қамаудан құтқару мәселелерін ойластыра бастады. Ол жалғыз қимылдап іс тындыра алмасын жақсы түсінді, сондықтан саяси күш-халық бостандығы жолындағы күрестің басында тұра алатын партия керек. 1905 жылы Бөкейханов Оралда бес облыстың съезін өткізіп, «Конституциялық- демократиялық қазақ партиясын» ұйымдастыру мәселесін қойды. Тап осындай кеңес 1906  жылы Семейде өткізілді. Жергілікті газеттің хабарлауынша съезде «Халық еркі» партиясының бағдарламасы туралы Бөкейханов пен ақын Шәкерім Құдайбердіұлы сөйлеген. Қазақ кадеттері париясының бағдарламасы Оралда Камил Тухватуллин шығаратын «Фикер» газетінде жарияланған. Онда қазақ жері тұтас күйінде қазақ халқының иелігінде болуы қажеттігі туралы мәселе қойылды, бұл жайлы Үкімет жарғысы шығуы керек... Бағдарламада  мұның сыртында Ресейден көшіп келіп қоныстанушылар мәселесі көтерілді, бұл шараны тәртіпке келтіру қажет. Сондай – ақ қазақ жастары үшін мектептер, медреселер, институттар мен университеттер ұйымдастыру талаптары ұсынылды.

   Ресейде революциядан соң айтарлықтай саяси өзгерістер болды, патша халық өкілдерінің жиналысын, Мемлекеттік Думаны құруға рұқсат етті. 1906 жылы Семей облысының қазақтары ұсынған Әлихан Бөкейханов Бірінші Мемлекеттік Думаның мүшесі болды.Бірақ сол кезде ойдан шығарылған айыптармен сотсыз, тергеусіз тұтқындалып, Павлодар приказына отырғызылуы себепті Бөкейханов оның жұмысына қатыса алмады. Үш айдан соң қамаудан босатылған Бөкейханов Петербургке барған кезде патша жарлығымен Дума таратылған болатын.Ол әрі қарай бұрынғы Дума мүшелері бас қосып жатқан финдердің Выборг қаласына барды.

  1907 – 1913 жылдары Бөкейханов саяси қызметпен белсене айналасып, өз пікірлестері

А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Сералин, Б. Картаевпен бірге «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналын, бірқатар кітаптарды, соның ішінде «Қозы Көрпеш –Баян сұлу» лирикалық эпосын әзірлеп, баспадан шығарды.  Қазақ интеллигенциясының жаңа толқынын байқаған қазақ халқының байырғы досы, Шоқан Уәлихановтың серігі, қазақ тарихы мен ауыз әдебиетін зерттеуші Г.Н. Потанин олар хақында мақалалар жазды.

   Ә. Бөкейханов революциядан кейінгі жылдары көрнекті саяси істерден қол үзіп қалды. Бұл болшевиктердің Мемлекеттік Думаның бұрынғы мүшесіне, Коммунистік партияға дұшпандық көзқарастағы кадеттер мүшесіне деген сенімсіздікке байланасты еді. Соған қарамастан Бөкейханов 1922 жылы Қазақ АКСР – і болып құрылған социалистік мемлекеттің игілігіне, ұлттық – мемлекеттік құрылым деген аты бар қуыршақ үкіметке қызмет етті. Бөкейханов Мәскеудегі орталық баспада әдеби редактор болып қызмет атқарды. 1927 жылы «Штаттың қысқаруына» байланысты қызметінен босатылды. Оған деген сенімсіздік Ә. Бөкейхановты революцияға қарсы қызметі үшін БСМБ (Біріккен саяси мемлекеттік басқарма) тұтқынға алған 1926 жылы – ақ басталған еді. Бірақ ол жолы кінә тағатындай дәлел таба алмай 15 күннен кейін босатқан болатын.

   Кейінірек, сталиндік реакция жылдарында оны ақыры тұтқындап, КСРО Жоғары Соты әскери алқасының 1938 жылғы 27 қыркүйектегі шешімімен ату жазасына кесті.

      

Сіздердің назарларыңызға Әлихан Бөкейхановтың өмірбаяны мен іс-әрекеті

туралы орталық аудандық кітапханасындағы

әдебиеттің библиографиялық тізімін ұсынып отырмыз:

 

1.     Бөкейханов Ә. Шығармалар. – Алматы: Қазақстан, 1994. – 384 бет

2.     Букейхан А. Избранное.1-книга. Алматы: «Өлке» баспасы, 2002ж.248 бет.

3.     Бөкейхан Ә. Таңдамалы.2-книга.Алматы: «Өлке» баспасы, 2003ж.224 бет.

4.     Бөкейхан Ә. Шығармаларының 7 томдық толық жинағы. – Астана: «Сарыарқа» БҮ,

2009. – 364 бет. – І том

      5.  Бөкейхан Ә. Шығармаларының 7 томдық толық жинағы. – Астана: «Сарыарқа» БҮ,

            2009. – 566 бет. – ІІ том

      6.   Бөкейхан Ә. Шығармаларының 7 томдық толық жинағы. – Астана: «Сарыарқа» БҮ,

            2009. – 555 бет. – ІІІ том

      7. Ескендірұлы М. «Алаш Орда» министрлері/ Министры «Алаш Орды». Алматы:

          2008. – С.7 - 9. (қаз.,рус.)

      8. Көркемсуретті Қазақтан тарихы. Ежелгі дәуірде біздің уақытымызға дейін.

          4 томдық. – Алматы, 2007. – С. 226 – 231

      9. Тарихи тұлғалар. Танымдық –көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен

           көпшілікке арналған. Алматы. «Алматыкітап» ЖШС, 2006. – С.60-61

Категория: ЦБС на страницах периодической печати | Просмотров: 2256 | Добавил: karasucbs
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Июль 2011  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Архив записей